Екі күнде 700-ге жуық адам эвакуацияланды

Құтқарылғандардың арасында жүкті келіншек те бар
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық құтқарушылар екі күннің ішінде 700-ге жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайларминистрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Соңғы екі күнні ішінде республиканың басым бөлігінде ауа райы нашарлап, көптеген жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 18 дауылды ескерту жарияланды. Соның бәрі алдағы екі тәулікте де сақталады.
Қарағанды облысыдна бүгін түнде құтқарушылар жүкті әйелді аудандық ауруханаға жеткізуге көмектесті. Бас кезінде оны жедел жәрдем үйінен алып кеткен. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған. Құтқарушылар жүкті әйелді жол талғамайтын арнайы техникамен дәрігерлерге жеткізді. Жамбыл облысының құтқарушылары да тура сондай техникамен жеті жасар баланы ауруханаға апарды.
Ақтөбе облысында Өзбекстаннан Ресейге бет алған шағын автобус бұзылып қалды. Құтқарушылар 9 жолаушыны, соның ішінде бір баланы жақын жердегі жылыту пунктіне жеткізді. Жолаушыларға ыстық тамақ та берілді. Ал Ұлытау облысында "Жезқазған-Сәтбаев" тас жолында 1200-ден астам автокөлік кептеліске тап болды. Құтқарушылар полиция мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бәрін жақын маңдағы елді мекендерге дейін жеткізді.
Құтқарушылар сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Жел, бұрқасын, тұман: синоптиктер 22 қаңтардағы ауа райын болжады