АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. ЕАЭО Иранмен еркін сауда туралы келісім күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді аяқтады, деп хабарлады ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол Иран президенті Масуд Пезешкиан мен іскер топ арасындағы кеңесу кездесуіне қатысты.
“Қазіргі таңда ЕАЭО-да Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдер аяқталды. Олар жақын арада Иранда аяқталады деп күтеміз”, - деді Слепнев.
Сондай-ақ ол құжаттың алдағы айларда іске қосылатынына сенім білдірді. Сонымен бірге, Андрей Слепнев сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өсу әлеуетін толық іске асыру үшін мемлекетаралық деңгейде өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, сонымен қатар серіктес елдердің іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу қажет екенін айтты.
Ол бизнесті келісімді жүзеге асыруға белсенді қатысуға, оның ішінде Иранның ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін ескере отырып, қалыптасып жатқан өзара іс-қимыл тетіктері аясындағы жұмыстарға шақырды. ЕЭК министрі айтқандай, бұл қолданыстағы келісімдерді толық ашуға мүмкіндік береді.