Әлем

Түркияда тау шаңғысы курортында болған өрттен 66 адам көз жұмды – БАҚ

51 адам жарақат алды
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Түркияның Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортында болған өрттен қаза тапқандар саны 66-ға жетіп, 50-ден астамы жараланды, деп хабарлайды РИА Новости Haber Global телеарнасына сілтеме жасап.
"Өкінішке орай 66 адам қаза тауып, 51-і жараланған", - деп келтіреді арна Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның сөзін.
Бұған дейін он адам қаза тауып, 32-сі жараланғаны хабарланған болатын.
Карталкая шипажайындағы қонақүйдегі өрт кеше түнде басталған. Қонақтардың көпшілігі жаймаларды байлап қашуға тырысса, кейбіреулері терезеден секірген.
Ekol TV телеарнасының хабарлауынша, 1974 жылы салынған қонақ үй ағашпен қапталған, бұл өрттің тез таралуына әсер еткен. Құтқарылған қонақтардың бірінің айтуынша, түтін детекторлары мен өрт сөндіргіштер болмаған.
Қонақүйде барлығы 237 адам болған.