Теміртауда жолдардың жабылуына байланысты терминалда жүздеген көлік тұрып қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты Теміртау қаласының терминалында 300 көлік тұрып қалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге ауа-райының жақсаруына және трассаның ашылуына дейін алыс сапарлардан бас тартуды қатаң екертті.
"Біз жол қозғалысының барлық қатысушыларынан сақтық шараларын сақтауды, автожолдардың жай-күйі туралы соңғы ақпараттарды жіті назарда ұстаңыздар" - деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Қазіргі уақытта да терминалда көліктер өте алмай тұр.
Полицияның айтуынша, жағдай өзгерген жоқ. Астана – Қарағанды жолы жабық, бұрқасын қардан жол бойы көзге түртсе көргісіз болып тұр дейді олар.
Астанада ауа райы күрт суытады: ТЖД көктайғаққа байланысты үндеу жасады