Шерзат Полаттың ісі бойынша тергеу аяқталды

4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Өткен жылы 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Тараптар танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберіледі", — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты.
12 қазан күні түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Кейіннен Шерзат Полаттың әкесінің інісі Нұрғанат Ғайыпбаев суицид жасады. Марқұмның денесін туыстары бейіттен тауып алған.
Прокуратура Шерзат Полаттың ісіне қатысты мәлімдеме жасады