АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан ЕАЭО-да жолаушылар ағынының өсімі бойынша көшбасшы болды.
2024 жылдың қаңтар-қарашасында республикадағы жолаушылар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға өсті.
ЕЭК сонымен қатар Одақтың басқа елдеріндегі өсім туралы мәліметтерді ұсынды:
Беларусь – 9,2%-ға;
Ресей – 6,5%-ға;
Қырғызстан – 5,2%-ға.
ЕАЭО-да жалпы жолаушылар айналымы 7,2%-ға өсті.
Жүк тасымалының өсуі бойынша мына мемлекеттер ерекшеленді:
Қырғызстан – 5,9%-ға;
Беларусь пен Қазақстан – екеуі де 1,9%-ға;
Ресей – 0,1%-ға.
Жалпы Одақ бойынша өсу қарқыны 0,3%-ды құрады.