Қазақмыс кенішінде кенші көз жұмды

Қайғылы оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінің Анненская шахтасында болған
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Анненская кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінің Анненская шахтасында болған.
"Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", - делінген компания хабарламасында.
Компания марқұмның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.
"Қазақмыс" шахтасында екі кенші көз жұмды