Бораннан жолда қалған 500 жолаушы пойызбен тасымалданады

Жолаушылар екі станциядан пойызға міне алады
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауды ұйымдастырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты "Астана–Қарағанды" және "Астана–Щучинск" бағыттарындағы тасжолдарында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді. Осыған байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша пойыздармен тасымалдауға шешім қабылданды.
2025 жылдың 21 қаңтарынан бастап жолаушылар екі станциядан пойызға міне алады.
Бурабай курорты станциясынан (Астанаға дейін):
№6830 "Көкшетау-Астана";
№7508 "Көкшетау-Нұрлы-Жол".
Сарыбел станциясынан (Қарағанды мен Астанаға дейін):
№6857 "Қарағанды-Астана".
"Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. Барлық азаматты сақтық шараларын сақтауға және алыс сапарларға шықпауға шақырамыз", - делінген компанияның ресми хабарламасында.