Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Украинадағы қақтығыс туралы мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей мен Украина арасындағы әскери іс-қимылдарды тоқтату керек деп мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости CNN телеарнасына сілтеме жасап.
"Біз соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Бұл өте түсінікті. Президенттің не айтып жатқанын көрдіңіздер, ол бейбітшілікті қолдайтын және қақтығыстарды тоқтататын президент болғысы келеді, бұл қиын болады", - деді ол.
Рубио атысты тоқтату "президенттің басты басымдығы болатындықтан, бұл жылдам болады" деп айтты. Дегенмен ол дағдарысты реттеу күрделі процесс болатынын мәлімдеді.
Өткен жылдың желтоқсан айында Reuters агенттігі Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарында Киевтің НАТО-ға кіруден бас тартуы және Ресейдің пайдасына жаңа қосылған аймақтардан бас тарту қарастырылғанын хабарлады.
Трамп сонымен бірге егер ол Джо Байденнің орнына президент болса, арнайы әскери операция ешқашан басталмас еді деп мәлімдеді.