АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық істер көп тіркелген аймақтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, бірақ бірқатар облыста қылмыстар өсіп отыр.
Мәселен, Маңғыстау облысында 12,2 процентке (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында - 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында - 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында - 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында - 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында - 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға).
2024 жылы ең көп қылмыс тіркелген өңірлер:
Алматы қаласы – 24 965 (18,8%);
Астана – 17 339 (13,1%);
Алматы облысы – 10 385 (7,8%);
Қарағанды облысы – 7 562 (5,7%);
Ал қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігін алаяқтық (34%, 45 156), ұрлық (23%, 30 593) мен есірткі қылмыстары (6,3%, 8 363) құрайды.
Дегенмен, былтыр жалпы республика бойынша қылмыстардың саны 5,3 процентке, 140 272-ден 132 778-ге төмендеген.
Атап айтқанда, ұрлық 28,3%-ке, 42 639-дан 30 593-ке), сондай-ақ мал ұрлығы 30,9%-ке (1520-дан 1 051-ге) азайды.