Қазақстан Қытай, Вьетнам және Мысырға жаңа әуе рейстерін ашады

Көлік министрлігі толық мәлімет берді
Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Қазақстан Қытай, Вьетнам және Мысырға жаңа әуе рейстерін ашуда, деп хабарлады көлік министрлігі.
2025 жылдың наурыз айынан бастап Air Astana Алматы-Нячанг бағыты бойынша аптасына 4 рет жиілікпен және Астана-Нячанг аптасына 3 рет жиілікпен Вьетнамға жаңа бағыттарды ашады.
Ал Қытайға Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша аптасына үш рет жиілікпен ұшады.
Сондай-ақ көктем-жаз маусымынан бастап Air Cairo аптасына бір рет Қостанай-Шарм-эль-Шейх және Алматы-Хургада бағыты бойынша аптасына екі рет рейстер ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Алматыдан Эль-Аламейнге аптасына бір рейс жиілігімен рейстерді қайта іске қосу жоспарлануда.