"Өз кәсібін аша алады": Астанада студенттерге қандай көмек көрсетіледі

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Астана қаласының әкімдігі студенттерді қолдау үшін қандай шаралар қолға алынғанын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жастар ұйымының өкілі Азат Теңгебаевтың айтуынша, студенттер жергілікті жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар бөлінеді. Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқуға мүмкіндік бар. Ал "Жастар жалыны" фестивалі жыл сайын вокалдық, спорттық және басқа да шығармашылық байқауларын өткізеді. Әкімдіктің қолдауымен түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Оған студенттер тегін кіре алады.
Астанада жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы да бар.
"Мобильді орталық өз ісін ашқысы келетін студенттерге белсенді түрде көмектеседі. Олар жобаны әзірлеп, өтінім бере алады және комиссия алдында бизнес-жоспарды қорғайды. Егер мақұлданса, жобаны іске қосуға қолдау көрсетіледі және оны жүзеге асырудың барлық кезеңінде арнайы мониторинг бөлімі көмектеседі", - дейді Теңгебаев.
Астанада спортқа, ғылымға, шығармашылыққа қызығатын дарынды жастарды қолдауға да ерекше көңіл бөлінеді.
Биыл студенттерге арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі