Астаналық оқушылар орыс тілі мен әдебиетінен олимпиадаға қатысады

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы мен Астанадағы "Русский дом" 10-11 сынып оқушыларын орыс тілі мен әдебиеті бойынша 19-шы кәсіптік бағдар беру олимпиадасына қатысуға шақырды.
Олимпиада екі конкурстық бағыт бойынша – орыс және қазақ тілінде оқитын мектептердің 10-11 сыныптары арасында өткізіледі.
Олимпиада 2025 жылдың 30-31 қаңтарында жекелей өтеді. Олимпиадаға бір мұғалімнен 2 қатысушыдан артық қатыса алмайды.
Олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады. Олимпиадаға қатысу үшін өтінішті 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін толтыру қажет. Олимпиаданың ережелерімен мына жерден танысуға болады.
Қазақстан орыс тілі бойынша халықаралық ұйымға 43 млн теңге бөледі