АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласындағы перзентханада жаңа туған сәбиді сатып жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция нәрестені сату фактісін растады. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ақтөбе облысының полициясы перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды және қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобымен жасалса, тоғыз жылдан он екі жылға дейін жаза кесілуі мүмкін.