Атырауда бүлдіршінді тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды

Қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген бейнежазба тарады. Оқиға жекеменшік балабақшада болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Балабақша басшылығының айтуынша, құқықбұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан босатылған.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.