Универсиада-2025: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті

Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Sputnik
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстан құрамасы Турин универсиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырым қашықтықта Мирас университетінің студенті Никита Акимов топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 4 күміс пен 2 қола медаль бар.
Бұған дейін Қазақ спорт және туризм академиясының 19 жастағы студенті Анастасия Городко Турин универсиадасының екі мәрте чемпионы атанған болатын. Ол фристайл-могул мен параллельді могулдан алтын жеңіп алды.