АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңестің бас директоры Иван Тимофеев АҚШ-пен келіссөздер жүргізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның айтуынша, Мәскеу арнайы әскери операцияға дейін АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастарды Украина мәселесіне бөлек қарастырса, қазір жағдай түбегейлі өзгерді.
"Қазір біздің ұстанымымыз былай: Ресейдің қауіпсіздігіне қатысты негізгі мәселелер шешілмегенше, Ресейдің қарсыластарына ауқымды әскери және қаржылай қолдау жасалып жатқанда біз ядролық мәселені де, экономиканы да, екі елдің байланыстарына қатысты басқа мәселелерді де талқыламаймыз", - дейді Тимофеев.
Осы орайда кеңес басшысы Мәскеудің өз ұстанымынан қайтапайтынына сенімді. Ал АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп интуициялық тұрғыда Украина дағдарысын шешу қажеттігін түсінеді.
"Бірақ олар қандай талаптарға көнуге дайын? Мәселен сонда", - деп атап көрсетті Тимофеев.