Ақтау мен вьетнамдық Дананг бауырлас қалалалар болды

Маңғыстау облысының делегациясы "2025 жылғы Достық пен ынтымақтастық қалаларының форумына" қатысты
Sputnik
АСТАНА, 18 қаңтар— Sputnik. Қазақстандық Ақтау мен вьетнамдық Дананг бауырлас қалалалар болды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық әкімдігі.
16-18 қаңтар аралығында Вьетнамның Дананг қаласында "2025 жылғы Достық пен ынтымақтастық қалаларының форумы" өтіп жатыр.
Актау и Дананг стали городами-побратимами
Шара аясында Ақтау мен Дананг портты қаласы арасындағы бауырластық байланыс орнату туралы меморандумға қол қойылды.
Екі қала арасында бауырластық Тоқаевтың бастамасы бойынша 2023 жылғы 20-22 тамызда Вьетнамдағы ресми сапары аясында берілген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.
Актау и Дананг стали городами-побратимами
Ақтаудан барғанделегацияны Дананг қаласының мэрі Ле Чунг Чинь және Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тұмыш қарсы алды.
Әкімдіктің хабарлауынша, бұл келісім Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.
Актау и Дананг стали городами-побратимами
"Атап айтқанда, меморандум екі қала арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша өзара бауырластық пен ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Осы сапардың нәтижесінде, болашақта Ақтау және Дананг қалалары арасындағы әуе рейстерін ашу мәселесі де қарастырылады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Форум барысында Дананг, Ақтау және Италияның Генуя қалаларымен бауырластық байланыстар орнату туралы екі келісім жасалды.
Актау и Дананг стали городами-побратимами
Дананг қаласының 24 елден 50 қаламен бауырластық қатынасы бар.