АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық санавиация өткен жылы 2 мыңнан астам шұғыл рейс жасаған, деп хабарлайды 24KZ.
Оның ішінде 12-сі – шетелдік бағыттар. Ел ішінде көбіне Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарына жедел ұшып барған.
Таяуда елордадағы балалар кардиохирургия орталығына жүрегінде ақауы бар шақалақ жеткізілді.
Оның жанын аман сақтап қалу үшін ондаған маман атсалысты. Құтқару операциясы қалай өтті?
Бұл қаршадай науқастың дүниеге келгеніне 1 апта да толған жоқ. Өкінішке қарай, тумасынан жүрегінде ақауы бары анықталды.
Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдап, Ақтаудан Астанаға санавиация арқылы санаулы сағаттарда жеткізді. Өмірін құтқару үшін ұшқыштан бастап, әуежай қызметкерлеріне дейін мейлінше ширақ қимылдады. Өйткені әр минут маңызды.