АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы Қазақстанда 100 базарды жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Әрбір базарда көлік тұрақтары пен онлайн-төлем аппараттары болуы қажет. Ал сауда орындары санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай жасақталуға тиіс.
Жол картасына сәйкес, базарлар барлық өңірде жаңартылады. Олар:
Астанада —7 базар;
Алматыда — 10 базар;
Шымкентте — 4;
Абай, Жамбыл, ШҚО мен Қостанай облыстарында — 3;
Ақмола облысында — 1
Алматы облысында — 10;
Атырау мен Қызылорда облыстарында — 4;
Ақтөбе мен Ұлытау облыстарында — 2;
Жетісу мен Павлодар облыстарында — 6;
Маңғыстау мен Қарағанды облыстарында — 5;
Түркістан облысында — 8;
Батыс Қазақстан облысында -14 базар.
Ал 2026 жылдан бастап талапқа сай келмейтін базар иелері жауапқа тартылады.