АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында "Өтеу-Бақай" шаруа қожалығы алған 1000 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады АШМ.
Шаруа қожалығын жүргізу үшін бөлінген жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Меншік иесіне заңсыздықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.
АШМ Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот шешімімен департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.