Беларусь президентінің сайлауы: Қазақстаннан баратын бақылаушылар тізімі жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы Беларусь президентінің сайлауына баратын бақылаушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Беларусь президентінің сайлауын жеті қазақстандық бақылаушы бақылайды.
Олар:
1. Аманәлі Әсем Нұржанқызы;
2. Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы;
3. Бабашев Марлен Ерболұлы;
4. Жүсіпов Нұрлыбек Мейірханұлы;
5. Қабиева Дәмегүл Нәбиқызы;
6. Иргалиева Әйгерім Амангелдіқызы;
7. Шаканов Самат Қазбекұлы;
Айта кетері, президент сайлауы келесі жексенбі, 26 қаңтарда өтеді. Сайлауға бес кандидат: Либерал-демократтар партиясының жетекшісі, Олег Гайдукевич, өзін-өзі ұсынған Анна Канопацкая, Еңбек және әділдік республикалық партиясының көшбасшысы Александр Хижняк, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко мен Коммунистік партияның төрағасы Сергей Сыранков түседі.
Қазақстан мен Беларусь сегіз айда 600 млн долларға өзара сауда жасады