Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Жеңістің 80 жылдығына арналған жаңа медаль дайындалады

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Қорғаныс министрлігі “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль туралы” Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы” Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына салтанатты түрде құрмет көрсету мақсатында әзірленді”, - делінген хабарламада.
Президент Жарлығының жобасында мерейтойлық медаль, онымен марапаттау ережелері, медальдың сипаттамасы белгіленген. Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен 2025 жылдың 29 қаңтарына дейін “электрондық үкімет” порталының “Ашық НҚА” бөлімінде танысуға болады.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Мәскеудегі Жеңіс шеруіне 19 елдің өкілдері шақырылды