Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Жеңістің 80 жылдығы ҰҚШҰ үшін басымдыққа айналады

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Тұрақты кеңесінің 2025 жылғы бірінші отырысы өтті
Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. 16 қаңтарда ҰҚШҰ хатшылығында ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің биылғы бірінші отырысы өтті, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
ҰҚШҰ Тұрақты кеңесіне төрағалық ету Қырғыз Республикасының ҰҚШҰ жанындағы тұрақты және өкілетті өкілі Мирлан Тұрғынбековке берілді.
ҰҚШҰ бас хатшысы Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Сыздықовқа 2024 жылы Тұрақты кеңес төрағасы ретінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
Кездесуде ұйымның 2025 жылға арналған іс-қимыл жоспары да талқыланды. Жаңа төраға Мирлан Тұрғынбековтың бастамасымен Тұрақты кеңес 2025 жылғы қызметінің басым бағыты ретінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуді белгіледі.