АСТАНА, 16 қаңтар - Sputnik. Универсиада ойындарының 3-күні еліміздің намысын қорғайтын спортшылар:
Биатлон 14:00 – аралас эстафета (ерлер 7,5 км, әйелдер 6 км):
1. Никита Акимов
2. Полина Егорова
Мәнерлеп сырғанау Қысқа бағдарлама (ерлер) :
22:31 – Никита Кривошеев
22:57 – Михаил Шайдоров
02:12 – Диас Жиренбаев
Хоккей (әйелдер):
20:30 – Қазақстан – АҚШ
Ескерту: Хоккей ойындары ұйымдастырушылар тарапынан телеарна мен сайттан жартылай финалдан бастап тікелей эфирде көрсетіледі.
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді.
Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орынға көтерілді. Медальдар саны жөнінен Франция құрамасы алда келеді. Франциялықтар 4 алтын, 1 күміс, 1 қола алып үлгерді.