АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында су тарифіне қатысты заң бұзылған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Ауылдық елді мекендердегі судың текше метрі 70 теңгеден сатылуы керек, алайда тариф негізсіз көтеріліп, 120 теңгеден сатылған.
"Мәслихат шешімінің күші жойылып, бір текше метрдің құнын 120-дан 70 теңгеге дейін түсіру туралы жаңа шешім қабылданды. Нәтижесінде ауылдық елді мекендердегі 73 мың абоненттің құқығы қорғалды", - дейді ведомство.
Айта кетері, облыс прокуратурасы наразылық түрінде прокурорлық қадағалау актісін енгізген.