АСТАНА, 16 қаңтар— Sputnik. ЕЭК асыл тұқымды мал шаруашылығында геномдық селекцияны енгізу тәсілдерін бекітті, деп хабарлады Еуразиялық кономикалық комиссияның баспасөз қызпеті.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы мал шаруашылығында геномдық селекцияны қолданудың халықаралық тәжірибесіне шолуды және ауыл шаруашылығы жануарларын геномдық бағалауды жүзеге асыру бойынша Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде келісілген ықтимал тәсілдемелерді қарады.
“Геномдық селекцияны енгізу ЕАЭО аумағында жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау және болжау жүйесін қалыптастыру арқылы мал шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және саланың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді”, - деп жазылған хабарламада.