АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы мен қасиетті Ережеп айының құрметіне орай "Тайқазан" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
![Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды](https://sputnik.kz/img/07e9/01/10/50015795_0:0:1600:1066_1920x0_80_0_0_a263d43aa23d709ef14dd53b83d0fbf9.jpg.webp)
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды
© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі
"Зекет және қайырымдылық" қоры Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен "Ар-Рахман" мешітінде өткен игі шарада тұрмысы төмен, көпбалалы, асыраушысынан айырылған, ерекше балаларды өсіріп отырған 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
![Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды](https://sputnik.kz/img/07e9/01/10/50015818_0:0:1600:1066_1920x0_80_0_0_b2e820321c32f8fcc3c002605593f8ee.jpg.webp)
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды
© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі
Акция аясында мұқтаж жандар алғысын айтып, "Зекет және қайырымдылық" қоры мен "Ар Рахман" мешітінің жасап жатқан игі істеріне ризашылығын білдірді.
![Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды](https://sputnik.kz/img/07e9/01/10/50015773_0:0:1600:1066_1920x0_80_0_0_b78acf15f5ea24bf2ea8783afe869f88.jpg.webp)
Астанада 35 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды
© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі