АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. 2024 жылдың қарашасында 168,3 мың автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 5,2% артты, жүк автомобильдері 31% артты және автобустар 14,4% кеміді.
"2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 694,5 мыңға жетті, оның ішінде 88%-ды жеңіл автомобильдер, 9,9%-ды жүк автомобильдері және 2,1%-ды автобустар", - деп жазылған хабарламада.
Алғаш рет тіркелген жаңа жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады. Жаңа автомобильдердің ең көп саны тіркелген:
Алматы қаласында – 6351 бірлік,
Астана қаласында – 4300 бірлік,
Шымкент қаласында – 3416 бірлік,
Алматы облысында – 2869 бірлік.
Сонымен қатар, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл көліктер саны 1,6 есеге артты - 7383-ден 12 119 бірлікке дейін. Электр көліктерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
Алматы қаласында - 7157 бірлік,
Астана қаласында - 1464 бірлік,
Алматы облысында - 621 бірлік.