Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Мәскеудегі Жеңіс шеруіне 19 елдің өкілдері шақырылды

Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар— Sputnik. Мәскеудегі Жеңіс шеруіне 19 елдің өкілдері шақырылды.
Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктермен “Жеңіс” ұйымдастыру комитетінің отырысында Жеңістің 80 жылдығын тойлауды талқылады.
Іс-шараға Ресефдің қорғаныс министрі Андрей Белоусов 19 тату мемлекеттен әскери қызметкерлер шақырылғанын, оның 10-ы шеруге қатысатынын растағанын хабарлады.
“Мәскеудегі және тағы 8 қаһарман қаладағы шерулер Жеңістің 80 жылдығының басты оқиғасы болады”, - деді Белоусов.
Ол сондай-ақ Путиннен хабарсыз кеткен жауынгерлерге соғыста қаза тапқандар мәртебесін беруді сұрады.
Сонымен қатар, Белоусов мектептерде соғысқа қатысушылардың ерліктерін зерттеу курсын енгізуді ұсынды.
Кездесуде Путин “Еңбек ерлігі қаласы”атағын тағы жеті қалаға, соның ішінде Салехард, Қорған, Миасс және Жоғарғы Пышмаға беру жоспарын жариялады.
“Олардың барлығын жеңіске қосқан зор үлесі біріктіреді”, - деді Белоусов.
Бұған жауап ретінде Путин алдағы іс-шараларды барлығы қолдайтынына сенім білдірді.
Ресей мен Қазақстан Жеңіс күні аясындағы іс-шаралар туралы келісті