Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей АҚШ-тан Украинаға қатысты нақты бастамалар күтеді

Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Мәскеу Украина мәселесі бойынша Трамп әкімшілігінен нақты бастамалар күтуде, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Бұл туралы РИА Новости жазды.
“Біз бұл мәселеде нақты бастамаларды күтеміз”, - деді министр ресейлік дипломатияның 2024 жылғы қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Сергей Лавров АҚШ-тың Украинаға қатысты ұстанымын Ресей АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін зерттейтінін айтты.
“Президент Трамп президент болған соң, Украина істеріне қатысты өз ұстанымын тұжырымдаған кезде, әрине, біз оны зерттейміз”, - деді Лавров.
Америкалықтар Джо Байденнің қазіргі бағытын қолдамайды - Сергей Лавров