АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарында ел қоржынына түсетін медаль санына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
7-14 ақпан күнері Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында IX қысқы Азия ойындары өтеді. Оған 32 елден мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 64 медаль жиынтығы үшін таласады. Министрдің ойынша, Қазақстан бұрынғы жетістігін сақтап қалады.
"Бұған дейін Азия ойындарында Қазақстан құрамасы командалар арасында 4-ші орынды алып келді. Бұл жолы біз конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, биатлон сияқты спорт түрлерінен алтын аламыз деп отырмыз", - деді Мырзабосынов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, Харбинде өтетін Азия ойындарына 138 қазақстандық спортшы барады. Олар 51 медаль жиынтығы үшін жарысқа түседі. Бүгін министр медальдан үміткер спортшыларды да атаған болатын.