"Маңғыстаумұнайгазға" 32 млрд айыппұл салынды: Жоғарғы сотқа өтінішхат әзірленіп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ компанияға 32 миллиард теңгеден астам айыппұл салынғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі мен 6-бөлігі бойынша 31 млрд теңге көлеміндегі әкімшілік (экологиялық) айыппұлға қатысты Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотының 2024 жылдың 4 желтоқсанындағы қаулысын қайта қарау және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қарауына ұсыну туралы өтінішхат әзірлеуде", - деп хабарлады компания.
Сонымен бірге қазіргі уақытта "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың нормадан тыс эмиссия фактісі бойынша Маңғыстау облыстық сотына бірінші сатыдағы соттың 2024 жылғы 11 желтоқсандағы 1,2 млрд теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы қаулысына апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады. Қарау күні белгіленбеген.
Соттың 2024 жылғы 11 желтоқсандағы қаулысы заңды күшіне енген жоқ.