АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Ақтөбелік дәрігерлер кеше түнде кепілге алынған әйелдің денсаулық жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"1984 жылы туған науқас мидың жабық жарақаты және миы шайқалған деген диагнозбен жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы Sputnik Қазақстан сайтына.
Дәрігерлер 40 минут бойы 1950 жылы туған ер адамның өмірін құтқаруға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған.
Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйде әйел кепілге алынғаны туралы хабарлама келіп түскен. Арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған әйел босатылған. Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе әйелдің пышақ жарақатын алған егде жастағы ата-анасы табылған. Зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.