АЛМАТЫ, 14 қаңтар - Sputnik. Атырауда қайырымдылық ұйымдарының бірінен тыйым салынған әдебиет табылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Діни араздықты насихаттайтын әдебиеттерді қайырымдылық ұйымы арқылы тартпақ болған. Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесіне 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
"Бұдан басқа, тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызмет атқарған. Осыған байланысты, қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, сонымен қатар барлық пансионаттар таратылды", - дейді ведомство.
Кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған.