Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ақтөбеліктер Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алды

Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. 14 қаңтар аты аңызға айналған жерлесіміз Әлия Молдағұлованың қаза тапқанына – 81 жыл.
Мерген қыз Ұлы Отан соғысы жылдарында 2-ші Балтық майданының 22-ші армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасында қызмет етті. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Новосокольники қаласының маңында көз жұмды. Осы жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күнінде еске алу шарасы өтіп, оның мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шарада Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров сөз сөйледі.
Іс-шараға Әлияның немере ағасы Сапар Молдағұлов және басқа да туыстары, облыстық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, "AMANAT" партиясы мен облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыстық қорғаныс департаменті, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының, әскери бөлімдер және жергілікті жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Ресей мен Қазақстан Жеңіс күні аясындағы іс-шаралар туралы келісті