АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Өткен түнде Ақтөбе облысында 102 пультіне Рысқұлбеков көшесіндегі жеке сектордағы үйлердің бірінде адамдар кепілге алынғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер барып, аумақты қоршауға алды. Полиция департаментінің бастығы мен қала прокуроры келіссөзді бастады.
"Кепілге алынғандарды босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Әзірге кепілге алынғандардың нақты қалай босатылғаны хабарланған жоқ. Полицейлер ешқандай мәліметті жарияламады.