АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кепілге алынған әйелдің ата-анасын жерлеуге көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақтөбеде жеке меншік үйде әйелді кепілге алған. Полиция алдымен келіссөз жүргізіп көрді. Артынан арнайы операция өткізуге шешім қабылдады. Әйелді босатты. Күдікті де ұсталды. Ал жөртеледе кепілген алынған әйелдің ата-анасы табылды. Оларда пышақ жарақаттары болды. Біреуі жәрдем жәрдем көлігінде көз жұмса, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Кепілден босатылған әйелдің жағдайы ауыр.
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, қайтыс болған ерлі-зайыптыларды жерлеуге көмек ұсынылады.
"Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетілуде. Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті көмектер ұйымдастырылады", - деп жазды Шахаров әлеуметтік желіде.
Аймақ басшысы күдіктіні ұстаған полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.