АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының әрбір ардагеріне қыруар қаражат аударылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады. Олардың ішінде 9 адам - Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Әкімдік Жеңістің 80 жылдығына орай біржолғы материалдық көмектің сомасын белгіледі.
Ұлы Отан соғысына қатысушыларына - 3 млн теңгеден;
концлагерлер тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден;
тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден;
ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден;
Сонымен қатар, ардагерлерге мерейтойлық медальдар тапсырылады. Қазіргі кезде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты үйлестіретін облыстық және өңірлік штабтар құрылып жатыр.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, ардагерлердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды.