АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамында өрескел заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Компания ағынды суларды жер қойнауына жіберіп, тиісті шектеу орнатпай, бұрғылау қалдықтарын жинақтау кезінде өрескел заң бұзушылықтар жасаған.
"Сот былтыр 4 желтоқсанда компанияны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салды. Сот актісі заңды күшіне енді", - дейді ведомство.
Сондай-ақ мұнай жылыту пештерден қоршаған ортаға ластаушы заттар шамадан тыс шығарылған.
"Бұл факт бойынша былтыр 11 желтоқсанда компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды", - дейді Маңғыстау облысы прокуратурасы.