Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдаланушы миллиардтаған залалды өтейді

Былтыр 17 желтоқсанда залалдың 270 млн теңгесі мемлекет кірісіне түсті
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Қаратұрын кен орнында 6 айға созылған өрттің шығынын жер қойнауын пайдаланушы өтейді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Атап айтқанда "БузачиНефть" ЖШС мемлекетке 2,2 млрд теңге төлеуге міндеттелді. Былтыр 17 желтоқсанда залалдың 270 млн теңгесі мемлекет кірісіне түсті.
"Бұдан басқа, бұған дейін экологиялық нормаларды бұзғаны үшін "БузачиНефть" ЖШС-не 362 млн теңге айыппұл салынған, ол толық төленді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 2023 жылы 9 маусымда "Қаратұрын Оңтүстік" кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылап, салдарынан өрт шықты. Бұл апатты жоюға алты айға жуық уақыт кетті.
Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт жарты жылдан кейін сөндірілді