ЕАЭО-ның барлық елінде экономика өсті

Еуразиялық экономикалық комиссия 2024 жылдың қорытындысын шығарды
Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Экономикалық өсім ЕАЭО-ның барлық елінде байқалды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Комиссия 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанындағы ЖІӨ динамикасын келтірді, нәтиже Қырғызстанның көш бастап тұрғанын көрсетті – 8,4%. Екінші орында Армения тұр – 6%.
Одақтағы басқа мемлекеттер мынандай тізіммен жайғасты:
Беларусь – 4,5%;
Ресей – 4,2%;
Қазақстан – 4,1%.
Жалпы ЕАЭО-дағы жиынтық ЖІӨ 4,2%-ға өсті.
Бұған дейін Еуразиялық даму банкі Ресей экономикасының 2025 жылғы өсіміне болжам жасап, ынталандырушы бюджет саясаты және Қытайға экспортты кеңейту аясында ЖІӨ өсімі 2,4% деңгейінде болатынын айтты.