Алматыға келген туристердің саны рекордтық деңгейге жетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 қаңтар - Sputnik. Былтыр Алматыда үш тоқсанда 1,7 миллион адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,2%-ке көп, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Нәтижесінде салық түсімдері екі есеге, яғни 85,5 миллиард теңгеге дейін артты.

"Туризм саласына салынған инвестиция да айтарлықтай өсті — 92,9 миллиард теңге. Жеке қаражат есебінен қалада 35 жаңа орналастыру нысаны ашылды. Атап айтсақ, 20 қонақ үй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 шағын қонақ үй, соның арқасында 836 бөлме қосылды", - дейді ведомстводан.

Биыл Алматы позициясын Орталық Азияның жетекші туристік орталығы ретінде нығайту үшін инфрақұрылымды барынша дамытып, инвесторларды тарту жұмыстары жалғасады.
Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты