АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін "Чат рулетка" онлайн платформасының пайдаланушысы сотталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратура.
Аудан тұрғыны осы жылдың жазында пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған "Чат рулетка" қосымшасында басқа ұлт өкілдерін балағаттаған. Өзге ұлттарды қорлайтын сөздер жазған. Дәл сол кезде ол мас күйде болған. Сараптама сотталушының сөздерінде ұлтаралық араздық пен алауыздық белгілерінің бар екенін растада.
Айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады. Сотта айыпталушының кінәсі дәлелденді. Ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.