Қазақстандықтар тіс емдеуге қанша ақша жұмсайды - статистика

Sputnik
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Өткен жылдың III тоқсанында тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
"Қызметтердің негізгі көлемі, 5,3 миллиард теңге бюджет қаражаты есебінен, 47,9 миллиарды — халықтан түскен қаражат және 3 миллиард теңге кәсіпорындардың қаржысы есебінен орындалды", — делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша ең көп қызмет көрсету көлемі Астана мен Алматы қалаларында болды — әрқайсысында 14 миллиард теңге.
Алғашқы үштікке сондай-ақ Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге) енді. Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген — 107 518 мың теңге.
2025 жылдың 1 қаңтарына қарай "Стоматологиялық қызмет" саласында 2947 заңды тұлға мен филиал, сондай-ақ 2921 жеке кәсіпкер тіркелген.
Қызылорда бала тіс дәрігерінің емінен кейін мүгедек болып қалды