АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Александр Хинштейн тамыз айының басынан 10 қаңтарға дейін полицияға хабар-ошарсыз кеткен 1,2 мыңға жуық тұрғынның туыстары арыз түсіргенін, қазірге дейін 240 адам табылғанын айтты.
Бейсенбі күні Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова Курск облысында іздеу жарияланған 517 азаматтың тізімін жариялады. Жоғалған адамдардың туыстары федералды омбудсменнен оларды табуға көмектесуді сұраған. Кейінірек Москалькова тізім жарияланғаннан кейін оған тізімді толықтыруды және табылған адамдар туралы ақпаратты нақтылауды сұраған 70-тен астам өтініш түскенін хабарлады.
"Омбудсмен тізіміне 517 адамның аты-жөні енгізілді. Полицияға (тамыз басынан 10 қаңтарға дейін) адамдарды іздеуге екі есе көп өтініш түсті: 1174. Оның 240-ы табылды", - деп жазды Хинштейн Telegram каналында.
Москалькова 517 адамнан тұратын тізімі толық емес екенін, оған тек федералды омбудсмен мекемесіне туыстары хабарласқан адамдардың аты-жөні ғана кіргенін, ал із-түзсіз жоғалған тұрғындардың деректер базасында адам саны әлдеқайда көп екенін атап өтті.
Еске сала кетейік 6 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысының аумағына басып кірді.