АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Іішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам тұтқындалды.
Ол аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.
"2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған", - дейді ведомство.