Тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі – Антикор

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қаңтар - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Абай облысында былтыр бірыңғай дистрибьютор – "СК-Фармация" ЖШС медициналық препараттарды уақтылы жеткізбеген. Салдарынан дәрі-дәрмек жетіспей, науқастар тегін дәрілерді өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болған.
"Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін "жалған рецептер" жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Былтыр Абай облысында науқастар саны 14%-ке өскен. Алайда жазылған рецепттер саны 24,8 мыңға төмендеген", - дейді антикор.
Қазіргі күні Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының "Әлеуметтік әмиян" бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді. Бұл жүйе республика бойынша жүзеге асып жатыр.
Абай облысында тегін дәрі-дәрмек QR код арқылы беріле бастады