АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Мәскеу Трамптың Ресей президентімен диалог құруға қатысты ұмтылысын құптайды, бірақ әзірге кездесудің нақты жоспары жоқ, деді Дмитрий Песков.
Диалог үшін Қандай да бір алдын ала талаптар қажет емес, бастысы көшбасшылардың өзара ниеті қажет, деді ол.
"Путин мен Трамп арасындағы байланыстарды ұйымдастыру әрекеттері Трамп ресми түрде АҚШ президенті қызметіне кіріскен кезде басталады. Ол жерде ешқандай нақты ойлар айтылған жоқ, ағылшын тілінде не айтылғанын тыңдасаңыздар болады. Яғни, бұл журналистер қойған сұрақтарға жауаптар", - деді Песков Трамптың Путин мен Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен үшжақты кездесу мүмкіндігі туралы мәлімдемесіне түсініктеме беріп.
Бұған дейін Трамп Путинмен кездесуге дайындық туралы хабарлаған болатын.
"Ол кездескісі келеді, біз ұйымдастырып жатырмыз", - деді Трамп.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Флоридадағы резиденциясында журналистерге сұхбат берді.