Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Қайғылы оқиға кеше кешке Тілектес ауылының маңында болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Павлодар – Семей автожолында жол апатынан үш адам қаза болды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 8 қаңтар сағат 21:00-де "Павлодар-Семей" автожолында Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында болған.
Павлодар – Семей автожолында жол апатынан үш адам қаза болды
"Kia Sportage автомашинасының жүргізушісі қар жинайтын машинаны басып озған кезде қарсы келе жатқан КАМАЗ автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Kia көлігіндегі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.